«3-1) осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті (бұдан әрі - активтерді қайтару);»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті;»;
4) тармақшада:
«салада» деген сөзден кейін «, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласында» деген сөздермен толықтырылсын;
«активтерді қайтару саласындағы» деген сөздерден кейін «, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «заңдарында және» деген сөздер «заңдарында,» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-баптың 2-тармағында:
2) тармақша «ақпараттық жүйелерде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «қылмыстық-құқықтық саладағы» деген сөздерден кейін «, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 8-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.»;
8-тармағының 6) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
6) 9-бапта:
6) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 6) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) инвестициялық омбудсменнің функцияларын жүзеге асырады;»;
9) тармақшадағы «қылмысқа» деген сөз «қылмыскерлікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) және 13) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «72-бабының» деген сөздер «73-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 6) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
22) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«инвесторлардың құқықтарын қорғау;»;
24) тармақшадағы «заңдарында және» деген сөздер «заңдарында,» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7) 10-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақшадағы «активті иемдену» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «өзге де заңдарында» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «заңдарына» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
«заңдарына» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«адамдарға, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса,» деген сөздер «және адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғаса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін, заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартуға;»;
27) тармақша «активтерді қайтару» деген сөздерден кейін «, инвесторлардың құқықтарын қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
29) тармақша «активтерді қайтару» деген сөздерден кейін «, инвесторлардың құқықтарын қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
8-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8) 11-1-бап алып тасталсын;
8-тармағының 9) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:
«11-2-бап. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы
1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықты жоғары қадағалауды, инвесторлардың құқықтарын қорғауды, олардың бұзылуының жолын кесуді және алдын алуды жүзеге асырады.
2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоның құрылымын Бас Прокурор бекітеді.
3. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.»;
8-тармағының 10) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
10) 15-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қылмысқа» деген сөз «қылмыскерлікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 10) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) инвестициялық прокурорлар болып саналады;»;
5) тармақшадағы «заңдарында және» деген сөздер «заңдарында,» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 11) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11) 17-баптың 2-тармағындағы «заңдарында және» деген сөздер «заңдарында,» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 12) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
12) 18-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 12) тармақшасының бесінші - оныншы абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.»;
екінші бөлік «субъектілеріне» деген сөзден кейін «, инвесторларға» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жүргізетін заңдылықтың сақталуын тексеру прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы бірінші басшысының шешімі бойынша осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың актілерінде белгіленген шекте жүзеге асырылады.»;
6-тармақтағы «прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы жүргізетін» деген сөздер «жүргізілетін» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 13) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
13) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына» деген сөздер «адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
14) 22-баптың 2-тармағындағы «құқықтарын қорғау» деген сөздер «құқықтарын, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы мәселелер бойынша инвесторларды қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 15) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
15) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «субъектілерінің» деген сөзден кейін «, инвесторлардың» деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармағының 16) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
16) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу
1. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу (бұдан әрі - инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу) үшін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы Бас прокурор айқындайтын тәртіппен Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құруға құқылы.
Дауларды реттеу рәсіміне қатысу ерікті болады және сотқа жүгіну құқығын шектемейді.
2. Инвестордың инвестициялық қызметке байланысты дауды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші инвесторға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған немесе белгілі болуы тиіс күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.
3. Мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарының, инвестициялық прокурорлардың инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өтерден кемінде бір ай бұрын прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.
Жолданым көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайда прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жолданымды қарауға қабылдаудан бас тартуға құқылы.
4. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды шығарады.
Заңдылықтың бұзылғаны анықталған кезде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды негізінде прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін шығаруға құқылы.
5. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.»;
8-тармағының 17) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
17) 26-бапта:
4-тармақ «заңды мүдделері,» деген сөздерден кейін «инвесторлар құқықтарының қорғалуы,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Прокурордың талап етуі бойынша органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тексеруге, қорытынды беруге қатысу үшін ғалымдар, сарапшылар, мамандар бөлуге міндетті.»;
11-тармақта:
«активтерді қайтару» деген сөздер «инвесторлардың құқықтарын қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 17) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
14-тармақтағы «кәмелетке толмағандар және» деген сөздер «кәмелетке толмағандар, ал» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 28-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «қылмысқа», «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер тиісінше «қылмыскерлікке», «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «қылмысқа» деген сөз «қылмыскерлікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 19) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
19) 29-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «тұлғалардың,» деген сөзден кейін «инвесторлардың,» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «оның ішінде қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін» деген сөздер «инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру, оның ішінде қылмыстық процестен тыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 20) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
20) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің жаңа нысандары мен құралдарын қатаңдатуға не енгізуге байланысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды келіседі және береді;»;
8-тармағының 21) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
21) 32-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «, ұйғарым» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 33-бапта:
5-тармақтағы (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «заңнамалық актілері» деген сөздер «заңдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармағының 23) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
23) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық қызметті жүзеге асыру;»;
8-тармағының 24) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
24) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Ұйғарым
1. Заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымды прокурор заң бұзушылыққа жол берген не жол берілген бұзушылықты жоюға құқылы мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарына, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарға шығарады.
2. Заң бұзушылық айқын сипатта болған, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келуі не инвестициялық қызметті жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін болған және ол дереу жойылмаған жағдайда, прокурор заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарады.
Ұйғарым нормативтік құқықтық актілерге шығарылмайды.
3. Ұйғарымда Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің бұзылған нормаларына нұсқаулар, құқық бұзушылықтың сипаты және бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар қамтылуға тиіс.
4. Ұйғарым прокурор белгілеген мерзімде міндетті түрде орындалуға тиіс.
Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады.
5. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
6. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін. Ұйғарымға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін ұйғарымның орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.»;
25) 40-баптың бірінші бөлігіндегі «(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)» деген сөздер «(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармағының 26) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
26) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Прокурордың активтерді қайтару мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8-тармағының 27) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармағының 27) тармақшасының күші 2025 ж. 17 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
27) 45-бапта:
1-тармақ «бюджет қаражаты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес активтерді қайтаруға қатысты қызмет бөлігінде Арнаулы мемлекеттік қор» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
28) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурорлар мен өзге де жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін бірыңғай қаржыландыру және еңбекақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.».
9. «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» 2026 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 4-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Алатау қаласының заңнамасы - Қазақстан Республикасының Конституциясынан, осы Конституция лық заңнан, осы Конституциялық заңды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінен, сондай-ақ осы Конституциялық заң негізінде қабылданған Алатау қаласы әкімшілігінің, мәслихатының, әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінен тұратын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;»;
3) 36-баптың 17-тармағының төртінші бөлігіндегі «қабылданған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
4) 42-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «қадағалауы» деген сөз «жоғары қадағалауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 59-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «немесе әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер
1. Осы Конституциялық заң:
1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын, 9) тармақшасының он екінші абзацын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 20) тармақшасының екінші абзацын;
3) алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 20) тармақшасының бірінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 21) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 22) тармақшасын, 31) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 38) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 68), 69), 70), 71), 72) тармақшаларын, 8-тармағының 3), 4) тармақшаларын, 6) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7), 8), 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының бірінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 12) тармақшасының бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 13), 14), 15), 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 19), 20), 21), 23), 24), 26), 27) тармақшаларын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Конституциялық заңның 1-бабының 1-тармағы 83) тармақшасының күші 2023 жылғы 19 наурыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауысының белгіленген пайызын алған, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының бірінші сайлауына қатысатын саяси партияларға қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Конституциялық заңның 1-бабының 8-тармағы 27) тармақшасының күші 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 маусым
№ 305-VIII ҚРЗ